СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ КӘСІБІН КЕҢЕЙТПЕК
Шиелі ауданында 2002 жылдан бастап кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп келе жатқан жеке кәсіпкер С.Ермаханов 2016 жылыдың наурыз айында жобалық құны 45 млн. теңгені құрайтын «АруАНА» шұбат өңдеу цехын іске қосты. Жоба өңірлік индустиралды картасына енгізіліп мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер телімі аукционсыз (сауда-саттықсыз) табысталған. Цех бір күнде 400 литр шұбат өңдейді.
Шұбат өңдеу цехының ғимараты, электр желісі, трансфарматор, ауыз су, цех қондырғылар орнатылған. (17,5 млн. теңгені құрайтын құрал жабдықтар ҚХР мемлекетінен алынған) Жаңа 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
- Қазіргі уақытта, түйе сүті Бала би ауылынан әкелінуде. Дайын өнім Шалқия, Жаңақорған, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда қалаларына сатылуда. Шаруашылықтың дамуына Сауысқандық өңірінен 1800 га жер телімі сауда саттық арқылы алынды, - дейді жеке кәсіпкер.
Бүгінгі күні, «Ермаханов С.Д» Шиелі кентінен «Шиелі-төрт түлігі» Ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Өндірістік кооператив құрамында 10 шаруа қожалық жұмыс жасауда. Онда 700 түйе, 200 жылқы, 170 ірі қара малы өсірілуде.
Қазіргі таңда, жеке кәсіпкер Сабыр Ермаханов өз кәсібін дамытып 5 млн. теңге Ресейден құрал-жабдықтар әкеліп 2017 жылдың ақпан айында «Қаймақ, Йогурт, Сүт, Айран» өндіру цехын іске қоспақ. Жоба іске қосылғанда қосымша 5 адам жұмыспен қамтылып, жылына 18 тонна қаймақ, 18 тонна йогурт, 36 тонна сүт, 73 тонна айран өндірілетін болады.
Болашақта кәсіпкер 100-ге жуық сауын түйе алуды және 100 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысын салуды жоспарлауда.