«СЫР МЕДИА» МӘСКЕУ ТӨРІНДЕ

Алдымен облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина бастаған делегация Әлия Молдағұлова атындағы №402 мектепке барды.
Онда Ұлы Отан соғысының батырына қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, мұражайында болды. Мектептің 1-сынып оқушылары Әлия Молдағұлова және Қазақстан жайлы таным-түсініктерін ортаға салды. Ал, сынып жетекшісі Наталья Николаевна қазақ қызының ерліктерін тамсана айтып, алаш ұлтының Екінші дүние жүзілік соғыста отан қорғаудағы ерліктеріне тоқталды. Әрі Әлия Молдағұловамен мақтанатынын жеткізді.



