ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен Қызылорда облыстық ақпараттық насихаттық тобының жетекшісі Наурызбай Байқадамов Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жиынға қатысушыларға баяндап өтті.
Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдікәрімов Әділхан және Қарашалаң елді мекенінің тұрғыны Оспанов Оразбай Елбасы Жолдауы жайында пікірлерін білдіріп, елді мекендегі кейбір мәселелер жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Бұдан кейін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.С.Байқадамов сөз алып, жиынды қорытындылады. Айтылған ұсыныс-пікірлер назарда болатындығын айтты.
