ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ «ТАКСИ» ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗУДЕ
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі мемлекеттік кірістер департаменті және көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылдың қазан айының 24 мен қараша айының 2 күндері аралығында «ТАКСИ» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Қызылорда ОІІД көлік жүргізушілердің назарына жолаушылар тасымалымен айналысатын такси көліктерінде болуы тиіс құжаттар тізімін ұсынды.
1) Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігі (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)
2) Жергілікті атқарушы органға такси жөніндегі хабарлама (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)
3) Диспетчерлік қызметінің келісім шарты (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)
4) Рейс алдында тех. және мед.тексеруден өткендігі туралы жол парағы (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)
5) 6 ай сайын техникалық байқаудан өткен куәлігі
6) Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы міндетті сақтандыру (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)