ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІЛЕРІ
Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын толық іске асыру бағытында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы енгізілді. Соған сәйкес облыс бойынша 35444 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз-конференцияда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Есқараева мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында аудандардағы жұмыспен қамту орталықтарында атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдайтын қосымша 58 маман орналастырылған. Тұрғындарға тиімді жағдай жасау мақсатында аудандардағы орталықтарда күту залдары электронды форматқа көшірілген.
- Биыл жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 2 млрд. теңге қаражат бөлінді. Оның 1,4 млрд.теңгесі республикалық 0,6 млрд тәңгесі жергілікті бюджетті құрады. Үстіміздегі жылдың 9 айында облыс бойынша 35444 адамға яғни 6728 отбасыға 1529,6 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1313,8 млн.теңгесі төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы 18 жасқа дейінгі балалар 63,1%, жұмыссыздар 8,3%, жұмыс істейтіндер 9,3%, бала күтімімен отырғандар 14,8%, студенттер 2,7%, зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер 1,2% құрайды - деді А.Есқараева.