ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШҚЫ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Жоғарғы Соттың Сотсыз татуласу орталығын құру ұсынысы негізінде алғашқы рет Қызылорда облысында арнайы жеке ғимаратта Татуласу орталығы ашылды.
«Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы шеңберінде ашылған орталықтан азаматтар келіссөздер, медиация, татуласу келісімдері, партисипативтік рәсім сияқты түрлі дауды реттеудің балама тәсілдерін жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, артықшылықтары туралы біле алады. Татуласу орталығына келуші азаматтарға барлық жағдайлар жасалған.
Медиацияның артықшылықтары тараптар уақытын үнемдейді, себебі, сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқа, мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қызметі қажет болмайды.