ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ӘСКЕРИЛЕРДІ ЖІГЕРЛЕНДІРЕДІ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті − Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын еліміз асыға күтетіні рас. Себебі, жолданған жолдау жаңа белеске жол сілтеп, заманның талабына қарай серпін береді.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым елдің Отан қорғаушылары үшін ҚР Жоғарғы Бас қолбасшының әр жолдауын құнды құжат ретінде қабылдайды және қойылған тапсырмаларды бұлжытпай орындауға әзір.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа жолдау жаңа жылға сәтті қадамдарымен басталатынына сеніміз зор.
Осы мақсатта, жолдаудың үшінші бағытында айқындалып көрсетілген «Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады» − деген жолдарына сәйкес, Қызылорда гарнизонында әскери қызметшілер мен Отан қорғаушы сарбаздар арасында дәстүрлі түрде сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бағында түрлі шаралар мен түсіндірме жұмыстары жиі ұйымдастырылады.
Алдымен, «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында құқықбұзушылық, суицид профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу турасында дөңгелек үстел өткізіледі.
Мақсаты еліміздің заңы қатал, әрі әскери саланы құрметтеу арқылы әскери шенге дақ түсірмейтін келеңсіздіктерге жол бермеу бағытын қадағалау болып табылады.
Сонымен қатар жолдауда «Қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет делінген»
Әрине, Даңқты қолбасшы, Б.Момышұлының нақыл сөзінде: «Командир –жеңістің атасы, табандылықтың жан-жүйесі, тұтқасы, коллективтің абыройы» -деген. Бейбіт заманда ұжымның келеңсіз жайттарына, заңға қайшы келетін әрекеттерге құзырындағы әскери қызметшілер жол берген жағдайда бірінші басшылық құрам жауапқа тартылатынын ескерткіміз келеді.
Ауыр індетке арбалынып, болашаққа балта шабудың қажеті жоқ!
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан тарих алдында әр Отан қорғаушы келер ұрпаққа жүзі жарқын болып есте қалуы қажет.
Б.НҰРМАХАНБЕТОВ
Қызылорда гарнизонының әскери
прокуратурасының прокуроры, әділет майоры