МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СЫР ӨҢІРІНДЕ
Халық қалаулылары Жолдау жүктеген міндердің елді мекендерде жүзеге сауына көз жеткізді. Нақты айтар болсақ, кеше Сыр өңірне ат басын тіреген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Қожахан Жабағиев пен Байділдә Жақсылықов және Наталья Жұмаділдаева бүгін Сырдария ауданына қарасты «Бесарық» елді мекенінде болды.
Ауылдағы жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарын, «Қызылорда-Бесарық» тас жолы бойындағы Жаңадария каналының жаңа көпірін, ауылдың орталық аллеясын аралап, ауылдағы орта мектеп, мәдениет үйі, балабақша жұмыстарымен танысты.Онда Жолдаудың әрбір бағытын ұжым жұмысына сай талдап, таразыға салды.
Сапар барысында мәжілісмендер экономиканың басты драйвері болып табылатын ауылшаруашылық саласы аясындағы жұмыстарға ерекше ден қойды. Бұл бағытта 150-ден астам ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып, ет, сүт, егін, бақша өнімдерін қатар жүзеге асырып отырған ауылдағы «Абай-Дәулет» ЖШС-і ұжымымен кездесті.
«Абай-Дәулет» ЖШС-і өткен жылы қараша айында өз жұмысын бастаған. Қазір серіктестік мал тұқымын асылдандыру мақсатында 5000-ға жуық гиссар тұқымды қой мен 22 бас түйе малын бағып өсіріп отыр. Болашақта мал санын көбейтіп, экспортқа жұмыс жасауды қолға алмақпыз, -дейді серкітестік директоры Мұрат Абайұлы.
-Біздің серіктестік бірнеше бағытта жұмыс жасайды. Яғни, күріш егіп, оны Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне экспортқа шығарса, 22 бас аруана түйесінен күніне 70 литр түйе шұбатын өндіріп, қала халқына сатуға шығарып отырмыз. Онан бөлек 10000 түп алма ағашын отырғыздық. Картоп, қауын егіп Ресей мемлекетіне экспорттап отырмыз. Болшақта мал санын көбейтіп, асылдандырып, ет өнімдерінде экспортқа шығаратын боламыз.
Кездесу барысында халық қалаулары Елбасы Жолдауындағы әрбір бағыттың халық игілігіне бағытталғандығын атап өтіп, бұл бағытта елді мекендердегі қолға алынып отырған жұмыстарды оң бағалады.
Мұнан соң мәжіліс депутаттарының сапары Ақжарма ауылдық округінде жалғасты.