ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және жұртшылықтың алдында полицияның имиджі мен оған сенімін арттыру мақсатында Шиелі ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді. Аталған акцияға Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшы құрамы қатарынан қызметкерлер тобы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.
Акция шеңберінде Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың мамандары азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдап, мазалаған сұрақтарына жауап берді.
Шараға Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылы тұрғындары қатысып, жиналған қауымнан 8 сұрақтар мен сауалдар келіп түсті. Қойылған сұрақтардың барлығына мамандармен толық жауап берілді.
Аталған акция басқа аудандарда да жалғасын табады.