ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ «БРАКОНЬЕР» ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
Қазан айының 20-24 күндері аралығында облыс көлеміде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 27.02.2015 жылғы «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әуесқойлық (спорттық) аң аулау үшін аңшыда мынадай құжаттар болуы қажет:
1. аңшыкуәлігі;
2. жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаты;
3. аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
4. аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты.