ТЕРРОРИЗМ – ҚОҒАМ ҚАУПІ
Оқырмандарға қазіргі лаңкестік әрекеттердін, оның ішінде терроризмнің мәнін түсіндіру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Терроризм - бейбітшілікке төнген қауіп» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бақтияр Оспанов қатысып, экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде сөз қозғап, алдын алу шараларын кеңінен түсіндірді.
Шара барысында оқырмандар сұрақ қойып, пікір алмасты. Қатысушыларға бейнеролик көрсетілді. «Діни экстремизм - опат болудың жолы!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.