ОҚУШЫЛАР КРЕАТИВТІ БЕТБЕЛГІ ДАЙЫНДАУДАН ЖАРЫСТЫ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» танымдық жобасы аясында «Сүйікті кітабыма қызықты бетбелгі» сайысы болып өтті. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеті шыңдалған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 7-9 сынып оқушылары қатысып, оригами, жапсырма және өру техникалары бойынша түрлі материалдардан дайындалған кітапқа бетбелгілерін әзірледі.
Сайыс қорытындысы бойынша 7 «А» сынып оқушысы Ақнұр Бейсенғали І орынды, 7 «В» сынып оқушысы Айжан Жалел мен 9 «В» сынып оқушысы Аружан Амантай ІІ орынды, 7 «В» сынып оқушысы Жұлдызай Мұнайтбасова және 8 «В» сынып оқушысы Сағыныш Ақылбек ІІІ орынды иеленді. Ерекше техника мен креативті дизайнмен ерекшеленген 9 «F» cынып оқушысы Зере Рысмаханованың туындысы - «Үйлесімді бетбелгі», 7 «В» сынып оқушысы Фатима Дінмұханбетқызының жұмысы - «Креативті бетбелгі», ал 7 «А» сынып оқушысы Әсем Табынбайдың бетбелгісі - «Көркем бетбелгі» номинациясымен марапатталды. Оқу барысында өте қажетті көмекші құрал боп саналатын – кітап бетбелгілерін жасауда өз шеберліктерін көрсеткен және оқушылары толық қатысқан сыныптар, яғни 7 «А» сыныбы мен 9 «А» сыныбының оқушылары, арнайы Дипломдармен марапатталып, «Ең белсенді шаңырақ» номинациясын иемденді.