КӘСІПКЕРЛІККЕ ТЫҢ СЕРПІН
Сырдария ауданына қарасты С.Сейфуллин ауылдық округінде биылғы жылдың қаңтар - қыркүйек айларында 11 кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Оның ішінде «Мал шаруашылығы» бағыты бойынша – 7, бір тігін цехы және басқа да кәсіп түрлері бойынша – 3 нысан жұмыс жасайды.
«Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы екі жоба 7,5 млн. теңгеге қаржыландырылған. Оның ішінде Елжас Мұхтар жылқы өсіруге «Мал шаруашылығы» бойынша 3 млн. теңге, Динара Лепесова «Көлік қызметі» тасымалдау бойынша 4,5 млн. теңге несие алып, жұмыс жасауда.
«Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС арқылы үш жоба 9,1 млн. теңге қаржыландырылған. Олар: Серік Арық «Мал шаруашылығы бойынша 5,3 млн. теңге, Асхат Мұхамедқалиев «Мал бордақылау» бойынша 2 млн. теңге, Б.Бейісов «Мал басын көбейту» бойынша 1,8 млн. теңге несие алып, жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар «С.Сейфуллин Жер» ЖШС қаражаты есебінен «Коғамдық монша» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жоба құны 5 млн. 6 мың теңге. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға берілді. Мұнда 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бекітілген кес¬теге сәйкес «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 5 адам , «Бизнес Бастау» жобасы бойынша екі адам оқытылды.
Қазіргі таңда С.Сейфуллин ауылдық округі бойынша осындай серпінді жұмыстар жасалуда.