ІЛИЯС ҚАБЫЛОВТЫҢ 115 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ САЯБАҚТЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Жалағаш кенті, Дәуімбай елді мекенінде мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Жүсіпұлы Қабыловтың 115 жылдық мерейтойына орай саябақ және бюст ашылды. Шара айтыскер ақын Айдос Раxметовтің жыр-арнауынан бастау алды.
Мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған бюстінің ашылу салтанатының алғашқы сөзін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев алып,
- Бүгін елі қадір тұтып, өмірге келгеніне 115 жыл толуына орай туған жері Жалағаш ауданының орталығынан Ілияс Қабыловтың ескерткіш-бюсті ашылуда.
Ел ертеңі үшін елеулі істердің атқарылуына себепкер болған қайраткердің өнегелі еңбек жолы мен саналы ғұмыры өскелең ұрпаққа қашан да үлгі болып қала бермек- деді өз сөзінде.
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, қайраткердің немересі Галина Қабылова сөз алып, естеліктермен бөлісті.
Ілияс Қабыловқа арналған бюстті ашу құрметі Қызылорда облыстық мәслиxат xатшысы Наурызбай Байқадамовқа және құрметті қонақтарға берілді.