ВИЦЕ МИНИСТР ҚАБЫЛДАУ ЖАСАДЫ

Қабылдауға келген азаматтарға Елбасы Жолдауының тікелей халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталып отырғандығын атап өтіп, Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда министрлік тарапынан қолға алынып отырған жұмыстарды тілге тиек етті.
- Елбасының Жолдауы үлкен жауапкершілікпен қабылданып, бұл бағытта үлкен жоспарлар жасалуда. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, елімізде көптеген қайта өңдеу зауыттары мен цехтарын ашып, елімізде өндіріліп отырған шикізатты шетелге тауар түрінде көптеп шығару қолға алыну көзделіп отыр. Бұл бағытта Сыр өңірі үлкен жұмыстарды атқарады деп сенемін,- деді Вице министр.