КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Сапар барысында Комитет төрағасы А.Майтиев Қызылорда облысының энергетика саласының қызметкерлерімен кездесіп, энергетика саласында жоғары технологиялық деректерді цифрландыру арқылы тұтынушылардың өмір сүру сапасын жақсарту міндеті туралы баяндады. Сонымен қатар тұрғын үй коммуналдық шарушылығының саласында тарифті қалыптастыруға қатысты шешімдердің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуді түсіндіріп өтті.
