АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ І ФОРУМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан әйелдерінің ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қосқан үлесі» атты ауыл әйелдерінің І форумына дайындық шаралары бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Ағымдағы жылдың 8-9 қарашасында Астана қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарына сәйкес жыл сайын 15 қазанда аталып өтетін халықаралық ауыл әйелдері күніне арналған «Қазақстан әйелдерінің ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қосқан үлесі» атты ауыл әйелдерінің бірінші форумы өтеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайынде өтетін форумды «Жасыл» экономиканы және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, «EXPO&WOMEN» ХҰ» ЗТБ ұйымдастырып жатыр. Тең ұйымдастырушы: Еуропа қайта құру және даму банкі.
Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» (2017 ж.), «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (2018 ж.) Жолдауларында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы экономиканың жаңа драйвері болуы тиіс агроөнеркәсіп секторының рөлін күшейтуге баса назар аударылған. Республикада ауыл халқы 42,5% - ды құрайды, оның жартысынан астамы-әйелдер және олардың ауылдық аумақтарды дамытудағы рөлі айтарлықтай.
Форум Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда әйелдердің жетістіктері мен үлесін көрсету үшін платформа құру, сондай-ақ әйелдерді ынталандыру, оларды жасыл экономикаға тарту, Органикалық Ауыл шаруашылығын және ауылдағы жұмыспен қамтудың түрлі нысандарын енгізу мақсатында өткізіледі. Форум спикерлері ретінде ҚР Парламентінің депутаттары, облыс және ауылдық округ әкімдері, Нұр Отан партиясының, ҚР салалық министрліктерінің, ҚР Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, Дүниежүзілік ауыл әйелдері қауымдастығының, Халықаралық ұйымдардың, даму институттарының өкілдері, бизнес тренерлер, АӨК және фермерлік шаруашылық саласындағы бизнес басшылары, жетекші ҮЕҰ өкілдері шақырылды. Форум жұмысына облыс делегациялары қатысады, олар 10-11 адамнан келесі санаттар бойынша құрылған: Әйел – аудан немесе ауылдық округ әкімі; Әйел – фермерлік шаруашылық (отбасылық фермерлік шаруашылық) басшысы; Әйел – сервис саласындағы ШОБ басшысы; Әйел – ЖҚШ басшысы; Әйел – әлеуметтік бюджеттік ұйым басшысы; Әйел – аудандық ХҚКО басшысы; Әйел – ауылдық мектеп немесе колледж басшысы; Әйел – ауылдық ҮЕҰ өкілі; Әйел – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы «жасыл» көшбасшы; Әйел-жастар көшбасшысы, ауыл шаруашылығындағы жас кәсіпкер; Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы. Тұжырымдамаға сәйкес форумның бірінші күні бір пленарлық, төрт стратегиялық және бір қорытынды стратегиялық сессияны қамтиды. Форумның екінші күні «Қазақстан әйелдерінің ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қосқан үлесі» атты қорытынды пленарлық отырысы, сондай-ақ «Coca-Cola белестері» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, «Менің жетістігімнің тарихы» номинациясы лауреаттарының сөз сөйлеуі, форум делегаттарын марапаттау рәсімі өтеді, сонымен қатар қорытынды баспасөз конференциясы жоспарланған.