МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ АРНАЛАДЫ
Мемлекет тарапынан жасалған қолдаулардың нәтижесінде Қызылорда қаласындағы ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде.
Бұған дейін, «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында құрылған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша Қызылорда қаласында нақтыланған мал сатып алу жоспары бекітілді.
Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес қазіргі таңда жоспарға сай несиелендіру арқылы «Сыбаға» бағдарламасымен 40,4 млн. теңгеге 204 бас мүйізді ірі қара, «Құлан» бағдарламасымен 43,3 млн. теңгеге 126 бас жылқы, «Алтын асық» бағдарламасымен 26,2 млн. теңгеге 1040 бас уақ мал сатып алынған.
Бұдан бөлек, елді мекендерді несиелендіру бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 150 адамның тізімі жолданып, бүгінде 38 адам 163 млн. теңге несие алды.
Қала бойынша 390 шаруа қожалықтарының бірігуімен 27 ауылшаруашылығы өндіріс кооперативтері құрылды.
Ағымдағы жылы 2 ауылшаруашылығы кооперативін құру жоспарланса, бүгінгі күні 69 мүшеден тұратын 5 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерін әртараптандыру мақсатында, барлығы 7 мың 686 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.