ҮИИД БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАҒЫ 250-ДЕЙ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Жыл басынан бері Қызылордада үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде құны 1 млрд. теңге болатын 3 жоба іске қосылды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қожахмет Ілиясов мәлімдеді.
Нәтижесінде жаңадан 56 жұмыс орны ашылған. «Хуа Ю интернационал в г.Кызылорде» ЖШС-нің химиялық реагенттер өндірісі жобасы бойынша жаңадан 24 адам жұмыспен қамтылды. Ал жеке кәсіпкер «Досболовтың» гигиеналық қағаз шығаратын цехтың құрылысы жобасына 8 адам тартылды. Жарамсыз көлік балондарын өңдеу арқылы резеңке ұнтағын және жерасты құбырларын шығару жобасын ұсынушы«Smart Rubber» ЖШС 24 адамға жұмыс тауып берді.
Жыл соңына дейін тағы 8 жоба іске қосылмақ. Сол кезде жаңадан 250-дей жұмыс орны ашылады.