FORTEBANK ЖАҢА ҒИМАРАТТА
Кеше Қызылорда қаласында ForteBank-тің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
– Бүгінде Сыр елі тәуелсіздіктің, Елбасының сарабдал саясатының арқасында республикамыздың қарқынды дамып келе жатқан маңдайалды 5 аймағының қатарында. Экономикалық- әлеуметтік салаларда айтарлықтай даму бар. Осы орайда елімізде екінші деңгейлі банктер ішінде заманауи үлгіде өркендеп келе жатқан ForteBank- тің біздің облыс орталығынан жаңа филиалын ашуы біз үшін маңызды деп ойлаймын. Елбасының тапсырмасы ая- сында облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аймақтағы бизнесті өркендетуде тұрақты әрі заманауи қызмет көрсетуді қолға алып, қарқынды дамып келе жатқан ForteBank-те өз үлесін қосады, маңызды жобаларды бірге жүзеге асырамыз деп сенеміз,– деді аймақ басшысы.
Салтанатты шарада «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Гурам Андро- никашвили сөз алып, қолдау білдірген аймақ басшысына алғысын білдірді.
– ForteBank еліміздің барлық аймақтарында жаңа үлгідегі жоғары технологиялық бөлімдерін ашуды жалғастыруда. Өткен жылдың мамыр айында біз Қызылорда қаласындағы филиал құрылысын бастадық. Бүгін, міне, сол ғимаратты ашып отырмыз. Біз сіздермен бірге жұмыс жасауға дайын- быз. The Financial Brand баспасының нұсқасы бойынша біздің офистеріміз банк бөлімшелерінің ең үздік дизайны қатарында. Біз жаңа сервистер жасай отырып, инновация мен технологияға зор көңіл бөлеміз, кезекке тұруды азай- тып, банкпен қарым-қатынас процесін барынша жайлы, қолайлы әрі пайдалы етуге тырысудамыз,– деді ол.
Онан соң шараға жиылған жұртшылық жаңа ғимаратпен танысты.
Айта кету керек, банктің облыстық филиалының клиенттері қатарында 30000-нан астам жеке тұлға бар. Сондай-ақ, 2000-дай кәсіпкер осы банк қызметін пайдаланады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы саналатын фили- ал бөлінген қаражатты игеру бойынша бірнеше рет алғашқы үштікке енген. 2017 жылдың қорытындысымен фили- ал облыстағы екінші деңгейлі банктер арасында рұқсат етілген жобалар саны мен сомасы бойынша екінші орынға ие болса, биыл филиал 300 млн теңгенің 9 жобасын қаржыландырған. Қазіргі уақытта 1 млрд теңгеден астам қаржыға 12 жоба жүзеге асырылуда екен.