ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА 26,2 МЛРД. ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ

Естеріңізге сала кетсек, ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде Қызылорда облысының халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 36,3 млрд. теңгеден астам.
- Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Исмаханбетов.
Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 65 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 35-сі – жеке меншік. Олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 3,5 млрд. теңгені құрады.
