БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРІ СЫНҒА ТҮСТІ
Қаладағы «Бегім ана» балабақшасындағы бүлдіршіндер арасында «Тілді сүю - тал бесіктен» атты көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы өтті.
Туған тілімізге деген құрметі ерекше бүлдіршіндер қазақ тілінде шаһардың 200 жылдығына арналған, орыс тілінде туған жер туралы, ағылшын тілінде Тәуелсіз еліміз туралы өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті.
Сайыс соңында әділ қазылардың шешімімен «Балауса», «Шаттық» топтары бірінші орынды жеңіп алды. Ал, «Бәйтерек», «Құлыншақ» топтары мен «Қарлығаш», Қуаныш» топтары қалған екі орынды өзара бөлісті.