ҚЫЗЫЛОРДАДА «АРАЛ ТАРТУЫ» АЛЛЕЯСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында жаңғыртылған аллеяның ашылу рәсімі және мерекелік концерт өтті. Арал ауданы қалалық сапаржай маңында орналасқан жаңғыртылған аллеяның таныстырылымын өткізді.
2000 шаршы метр болатын аумақты қалпына келтіру, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қайта жаңғырту жұмыстары демеушілер есебінен жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Арал өңірі өнерпаздарының концерті өтті. Онда қазақ халық әндері мен билері, патриоттық шығармалар, күйлер және әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты және аудандық қоғам қайраткерлерімен кездесті.
Айта кетейік, Қызылорда облысы аудандарының шығармашылық ұжымдары 200 жылдық мерейтойға арналған концерт пен мерекелік түрлі шаралар өткізуде.