ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІНІҢ КЕПІЛІ
Елбасының халыққа Жолдауы жақсы дәстүрге айналды. Мемлекет басшысы бүгінгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында айтылған 6 негізгі бағыт халықтың жағдайын жақсарту жолдарын анық көрсетіп берген болатын және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды. Расыменде қазіргі саяси және экономикалық прогрестің түрліше құбылуы жас мемлекетіміз үшін аса қауіпті. Осы орайда Елбасының - сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі. Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет.
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс деп айтуының да мәні зор. Елбасы Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Бұл дегеніңіз барлық салаларда төмен жалақы алатын жұмысшылардың жалақысы өседі деген сөз. Қазіргі таңда тиімді мемлекеттік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында әрі қарай созылатынын айтып, бизнес үшін кететін шығынның артуына, адамдардың нақты табысын азайтуға әкеп соқтыратын басты мәселе Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу, Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу, көлеңкелі экономикамен күресті күшейтуді де басты назарға алды және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуді тапсыруы Елбасының көрегендігі деп білеміз.
Талғат ҚАНАТОВ
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары