БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН- КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕМЕЛ!

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауының негізгі өзегі бұл жолы да барша қазақстандықтардың әлеуетін арттыру, тұрмысын жақсарту – еліміздің экономикасын жан-жақты дамытудың жаңа формасын қалыптастыруға бағытталып отыр.
Елімізде «Ұстаздар күні» күні аталып өтіп жатқан уақытта жарияланған Жолдау бұл мұғалімдер қуана қабылдаған ерекше жаңалық. Яғни, келер жылы «Мұғалімнің мәртебесі» туралы Заңның қабылдануы. Әрине, бұл кейінгі уақыттарда киелі мамандық иелеріне деген қадірдің қалмай бара жатқанынан туындап отырған мәселе. Себебі: білім саласындағы ұзын-құлаш реформалардың көптігі, қағазбастылық, негізсіз қоғамдық жұмыстарға тарту, бала құқығын ұстаз мәртебесінен жоғары қою секілді мәселелер білім саласына, соның ішінде ұстаздар қауымының мәртебесіне кері әсер етуде. Міне, осы мәселелердің Елбасы Жолдауында ерекше қамтылуы педагогтар мәртебесін көтеріп қана қоймай, жұмысын жетілдіруге ерекше ықпал етеді деп сенеміз.
Бір сөзбен айтқанда Жолдауда айтылған әрбір ойдың астында үлкен мән жатыр. Барлық идея «Ұлт жоспары 100 қадаммен» ұштасып, елімізді дамыған мемлекеттердің көшіне қарай бастары айқын.
Сондықтан даму бағдары белгілі, төрт құбыласы түгел, шекарасы шегендеулі егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, һәм саяси үдерісінің арта түсуі үшін жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру ортақ ісіміз деп есептеймін.
Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары.