ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА СУДЬЯЛАР АРАСЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.
Бас қосуды облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев ашып беріп, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді айтып өтті.
Мұнан соң, Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы» (ҚР ҚК-нің жалпы бөлігі, 1-99 бап) тақырыбында баяндама оқыды. Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Б.Жаңабаев «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» (ҚР ҚК-нің Ерекше бөлігі, 99-254 бап) тақырыбындағы баяндамасын талқыға салды.
Семинарға қатысушылар уақыт талабына сай өзгертілген жаңа Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодексін жан-жақты талқылауда белсенді қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара барысында «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар», «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасы», «Дәлелдемелер және дәлелдеу», «Қылмыстық істердің соттылығы. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу», «Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау», «Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу», «Процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізу» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
Әрбір оқылған баяндамаларды қатысушылар талқылап, сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Бүгінде осындай семинарларды өткізу маңыздылығы талқылауға ұсынылған тақырыптарды терең түсініп, өз ұсыныстарын білдіруге септігін тигізіп келеді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі