НАҚТЫ ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ
Елбасының халыққа арнаған Жолдауы егемен еліміздің мазмұндық базасына өзгеріс енгізеді. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы әрдайым негізгі басымдыққа айналады. Мұнда адам құқығы, денсаулық, білім, кәсіпкерлік саласы мен тұрғын үй бағдарламасы кеңінен қамтыды.
Осы орайда «Үкімет, мемлекеттік органдардың, компаниялардың бірінші басшылары жұмысқа деген әдістерін өзгертулері тиіс. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы керек. Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке лайықтылығын осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын» деген Мемлекет басшысы барлық әкімдер мен министрлерге тапсырма берді.
Осынау аса маңызды мемлекеттік құжатта еліміздің ішкі және сыртқы ахуалына егжей-тегжейлі талдау жасалып, өркендеудегі басым бағыттар айқындалды, халықаралық және мемлекетаралық қатынастарға баға берілді, барлық маңызды мәселелер мен қатерлерді шешу жолдары табылды.
Жолдауда барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіруге ерекше мән беріліп отыр. Президент экономикада, қоғам мен мемлекет дамуындағы жаңа сапалық тұрғыдағы деңгейге көтерілу үшін ой-ниеттер мен іс-әрекеттерді біріктіруге шақырды. Сондықтан алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін біз бәріміз жұмыла кірісуіміз керек.
Шәріп ӘБДІРАХМАНОВ,
«Нұр Отан» партиясы
қалалық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.
«Нұр Отан» партиясы
қалалық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.