АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ
Ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің көтерілуінің жолын тікелей көрсетіп, нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, білім, ғылым саласын жақсарту бағытында үлкен қаржылар бөлінеді деді. Әрине Қазақстанның болашағы берік болып, халқымыздың сапалы өмір сүруіне тікелей жол ашылатынын айқындап берді. Қоғам үшінде жұмыла жұмыс жасау үшін нақты тапсырмалар берді. Еліміз 30 елдің қатарына қосылып қана қоймай, бәсекеге қабілеті артады деп түсіндік.
Айта кетерлігі, Жолдаудың орындалу барысында біздің облыста агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамуда. Ғылыми жетістіктермен инновациялардың өндіріске тездетіп енгізу арқылы осындай көрсеткіштерге жету мүмкіндіктері нақты айқындалды.
Сондықтан біз ғалымдар қауымы бизнеспен біріге отырып ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу арқылы өнімділікті 2,5 есеге көтеру керекпіз. Экспортқа әлеуетті көтерудің жолын ауылшаруашылығы саласына өндіруіне тікелей жеткізе алатынымызды өз жауапкершілігіміз деп түсіндік. Осы жолда жұмыс жасауға мүдделіміз!
Серікбай ӨМІРЗАҚОВ,
Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш
өсіру ғылыми – зерттеу институтының директоры