ТӨТЕНШЕЛІКТЕРДІҢ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ӨТТІ
Балалар үшін жаңа жыл қарсаңындағы жаңа жылдық мерекелік таңертеңгілік көптен күткен мереке болып табылады. Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрында «Біз Жаңа жылды қарсы аламыз!» атты Қызылордалық төтеншеліктердің балаларына арналған іс-шара өтті.
Балалар әдеттігдей Аяз ата мен Ақшақарды күтті. Мерекелік безендірілген киім киген балалар Аяз Ата мен Ақшақарға өлеңдері мен әндерін орындады. Жаңа жылдың ең басты символы ешбір талассыз әсемделген шырша болды. Уақытты көңілді өткізіп, жаңа жылдық шырша шамын жақты. Шырқалған ән, би, өлеңдері үшін балаларға Аяз Ата сыйлықтар үлестірді.
Іс-шара барысында балалар театр әртістері дайындаған тақырыптық, театрландырылған «Жаңа жыл» қойылымын ертегілер кейіпкерлерімен тамашалады. Кішкентай көрермендер оған белсене атсалысып отырды. Осылайша барша баланың жаңа жылдық көңіл-күйі көтеріңкі болды. Мерекелік іс-шараның соңында балаларға сыйлықтар үлестірілді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысыТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
бас маманы