ОБЛЫСТЫҚ «АЛТЫН КҮЗ – 2018» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Ашылу салтанатында аудан басшысы Әшім Оразбекұлы спартакиаданың ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, спартакиаданы ашық деп жариялады.
Ұйымдастырылып жатқан спартакиадада спорттың 16 түрінен волейбол, футбол, баскетбол, қол добы, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі және президенттік көпсайыс бойынша өтуде.