ДІН САЛАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ӨҢІРІМІЗГЕ КЕЛДІ

Екі күндік іс-сапар барысында аталған мамандардың түрлі сала өкілдерімен кездесулері жоспарланған. РАТТ мүшелерінің алғашқы кездесуі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын жетілдіру бағытында және тәжірибе алмасып, түйткілді мәселелерді ортаға салу мақсатында облыс әкімдігінің ғимаратында облыстық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелерімен өткізілуде.
Сондай-ақ, РАТТ мүшелерінің облыс орталығында №101 мектеп ғимаратында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері мен мектеп психологтары арасында, сонан соң орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жамағатымен, түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен және кешке қалалық «Нұр» және «Айтбай мешітерінің жамағаттарымен кездесулері жоспарланған.
Онымен қоса, ертең ақпараттық-түсіндірме жұмыстары Байқоңыр қаласында, Төретам және Әйтеке би кенттерінде жалғасын табатын болады.
