АУДАН ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ БОЛДЫ
Алдымен Аманөткел елді мекеніне барған Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жақында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген елді мекенге кіре беріс автокөлік жолымен танысты.
Аманөткел елді мекенінде жеке кәсіпкер Ақниет Жалғасбаевтың «Зере» балабақшасының ғимараты құрылысы аяқталып, пайдалануға беруге әзірленуде.
Аудан басшысы балабақша ғимаратында болып, балалардың, жатын, ойын бөлмелері мен ойын алаңдарын аралады. 75 орындық бұл балабақша жұмысын бастаған сәттен 21 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.
Мұнан соң аудан әкімінің сапары Жетес би ауылдық округінде жалғасты.
Өткен жылы «Райым-Водокачка елді мекеніне кіре беріс» автожол құрылысының 5 шақырымы атқарылған болатын. Аудан басшысы биылғы жылы жолдың қалған бөлігінде жүргізіліп жатқан жол құрылысы алаңында болып, жұмыс барысымен танысты.