ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Шара барысында хикаят-монологтың басты кейіпкері Ержанның басынан кешкен қиын тағдыры, өмір мен өлім арасында арпалысқан ойлары негізгі тақырыпқа айналды. Аурухана төсегіне таңылған ер мінезді, жігерлі Ержанның өмірдің құндылығы, қилы тағдырларды суреттеген монолог оқырманын терең ойға батырды.
Шараға «Болашақ» университеті мен «Ұлағат» көпсалалы колледжі студенттері және кітапхана оқырмандары қатысты.