ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау мақсатында «Тілдарын - 2018» облыстық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиадаға мамандығына, кәсібіне, шұғылданатын ісіне қарамастан 18 мен 22 жас аралығындағы Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарынан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан, барлығы 10 талапкер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттері А.Көбесова І орынды, Е.Еркін ІІ орынды жеңіп алса, ІІІ орынды Жалағаш ауданындағы Т. Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Қайыпова иеленді. Байқау жеңімпаздарына басқарманың дипломдары мен ескерткіш сыйлықтары тапсырылды.
Айта кетейік, І орын иегері А.Көбесова 2018 жылдың 19 қазанында Астана қаласында өтетін «Тілдарын - 2018» республикалық олимпиадасына қатысатын болады.