ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ

Кәсіпкерлер үйінде өткен жиында қызылордалық коалиция өкілдері осы бағыттағы жұмыстарды пысықтады.
Жалпы өңірде 2018 жыл «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылы болып жарияланған. Және ол Елбасы бастамасын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Жақында облыс әкімі бастамасымен жаппай кәсіпкерлікті дамыту 1 жылдан 3 жылға ұзартылған.Ағымдағы жылы облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11%-ға көбейіп, аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр,- деді жиынды жүргізіп отырған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.