ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес төрағасы Әмірхан Бәкіров аталған органның құрылуының маңыздығы мен уақыттылылығын атап өтіп, алдағы жұмысқа жан-жақты жәрдемдесуге әзірлігін білдірді.
Күн тәртібінде 2014 жылдың 4 тоқсанындағы аймақ бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтерге тұрғындардың көзқарастарын анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік сауалнама және қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік қызметтер бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысы, қоғамдық кеңеспен атқарылған жұмыстар және қоғамдық кеңестің 2015 жылғы 1 жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары туралы мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысымен тиісті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсетуді күшейту бойынша ұсыныстар берілді.