ЖАСТАР ҚАЛА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Облыстық ішкі саясат басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Өркениетті Қызылорда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді жастар қаламыздың төл мерекесіне тартуы ретінде көшпелі акция өткізді.
1000 жастың қатысуымен өткен шара «Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы» аясында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында ұйымдастырылды.