«ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – БОЛАШАҚ БАСПАЛДАҒЫ»
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай Елбасының «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Үш тілді білім беру – болашақ баспалдағы» атты пікірталас ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты үш тілді меңгерген жастардың бүкіл әлем бойынша бәсекеге қабілетті дара тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау, «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.
Мәдени шараға қаламыздағы М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі мен Қызылорда көпсалалы колледжінің студенттері қатысып, тілдердің үштұғырлығы идеясы, бәсекеге маңыздылығы жайында пікірлер айтылды.
Шараға оқытушылар, студенттер, «Кездесу» клуб мүшелері және кітапхана оқырмандары қатысты. Оқырмандар назарына «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты кітап көрмесі ұсынылды.