СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ
Арал ауданның демографиялық көрсеткішіне тоқталсақ, жыл басынан бері 1119 бала дүниеге келіп, 1 жасқа дейінгі шетінеген нәрестелер саны қалыпты.
Қан айналымы жүйесі ауруларымен алғаш рет ауырғандар саны 2096 болып отыр.
Алғашқы рет тіркелген қатерлі ісік аурулары 78 жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 11 бірлікке көбейіп отыр. Бұның басты себебі, аудан тұрғындары арасында жүргізілген скринингтік тексеру сапасының жақсарғандығына байланысты.