АРАЛ: СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Арал ауданында соңғы жылдары ел игілігіне табысталған жаңа спорт нысандарының қатары көбейіп келеді.
Нақты кезеңде ауданда дене шынықтыру және спорт саласында 2 балалар мен жасөспірімдер мектебі, бұған қоса әртүрлі деңгейдегі 231 спорт обьектілері (алаңдар) өз жұмыстарын жалғастыруда.
Аудан әкімі Мұқтар Оразбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда ауданда 87 дене шынықтыру ұжымдары есепке алынған. Оларда 21141 адам (барлық аудан халқының 27,1%) дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Оның 6766-ы мектеп оқушылары (аудан бойынша барлық мектеп жасындағы балалардың 42,14%).
Жыл басынан бері аудан спортшылары біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының ресми (ҚР чемпионаттары мен біріншіліктері) жарыстарында аудан спортшылары 32 медальға ие болды. Оның 3-еуі алтын, 14-і күміс, 15-і қола.