ТОҚАБАЙДА ДЕМАЛЫС ПАРКІ САЛЫНДЫ
Арал ауданы бойынша биылғы жылы да абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында Арал ауданының әкімі Мұқтар Оразбаев ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берген кезде айтты.
Оның айтуынша, өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен Арал қаласынан «Рәміздер» алаңының құрылысы басталған. Аталған алаң «Рәміздер күні» қарсаңында пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, аудан орталығы Арал қаласында кіре берістегі Абай көшесі бойына «Балықшылар маягы» орнатылды. Бұған қоса, аудандық бюджет қаржысы есебінен Тоқабай және Аралқұм елді мекендерінде демалыс паркі салынып, ауылдағы ағайынның игілігіне берілді.