АРАЛ: ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Арал ауданында жастар саясатын жүргізуге ерекше маңыз беріліп отырғанын атап өткен аудан әкімі Мұқтар Оразбаев ойын былайша өрнектеді:
– Нақты кезеңде ауданда тұрғындардың 18 мыңнан астамы (18 314) 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды құрайды. Яғни, ауданымыздың 23,3 пайызы жас тұрғындар. Оның 37,4 пайызы (6 855) қалада, 62,6 пайызы (11 459) ауылда тұрмыс кешуде».
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайызды құрайды. Өткен жылғымен салыстырғанда есепте кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бірқалыпты.
Жыл басынан бері аудандық жастар ресурстық орталығына түрлі мәселелер бойынша 600-ге жуық (571 жас) жас қоғамдық қабылдауға келген. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен барлығы 150-ге жуық (147 шара) түрлі форматтағы шаралар өткізіліп, 8000-нан астам жас қамтылды.