ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ 1 ТӘУЛІКТЕГІ КРИМИНОГЕНДІК АХУАЛҒА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Бөтен мүлік ұрлығының алдын алу жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған Бағдарламасына» сәйкес бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің алдын алу, жолын кесу, орын алған жағдайда дереу қылмыстың бетін ашуға бағытталған іс-шаралар өз деңгейінде атқарылуда. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде 2014 жылдың 11 айында облыс көлемінде бөтен мүлік ұрлығымен 5364 қылмыс тіркеліп, ашу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға жақсарғанын көрсетіп отыр. Ұрлық қылмыстарының алдын алу, ашу мақсатында полиция қызметкерлерімен тиісті профилактикалық шаралар жүргізіліп, нәтижесінде ұрлықтың тіркелуі 10,7 пайызға азайғандығын байқауға болады. Ұялы телефон ұрлығы – бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену қылмыстарының ішінде ең көп орын алатын түрі. Жыл басынан бері Қызылорда облысында бұл ұрлық қылмысы бойынша 1513 дерек анықталып, өткен жылмен салыстырғанда 23,8%-ға төмендегенін көрсетіп отыр.
Бір тәуліктің ішінде, яғни 24 желтоқсанда полиция қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде ізін суытпай бірнеше қылмыстың беті ашылды. Мәселен, ағымдағы жылдың 24 желтоқсан айында Жедел басқару орталығына жеке кәсіпкерден қала орталығында орналасқан сауда үйіндегі жеке дүңгіршегінен бағасы 175000 теңге тұратын «Броницкий ювелир» алтын алқасы ұрланғандығы жайлы хабарлама түседі. Жедел жол-патрульді полиция батальоны қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, іс-әрекеті күдік тудырарлық азаматшаны ұстап, тексеру барысында қалтасынан жоғалған алқаны табады. Сұрастыру жұмыстары барысында күдікті ретінде ұсталған азаматшаның 1991 жылы туылған қала тұрғыны екені анықталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, дәл осындай бөтен мүлік ұрлығы қылмысы желтоқсан айының 24-іне қараған түні де орын алған. Қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері 1989 жылы туылған Д.А. есімді азаматтың басқаруындағы «Фольксваген-Пассат» маркалы такси автокөлігін тексеру барысында 2 дана КамАЗ автокөлігінің дөңгелектерін тапқан. Тексеру барысында бұл автокөлік дөңгелектерінің облыс аумағындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде екендігі және таксидің жолаушылары аталған мекемеде қызмет жасайтыны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, 1976 жылы және 1978 жылы туылған такси жолаушылары оқиға орнында күдікті ретінде ұсталды.
Бұдан бөлек, осы тәулікте алаяқтық қылмысының да беті ашылған. Яғни 1984 жылы туылған қала тұрғыны мамыр айында белгілі бір азаматшаның «несие алып беремін» деген желеумен 210.000 теңге көлемінде ақша алып, әлі қайтармағаны жөнінде арызданған болатын. Аталған азаматтың арызы бойынша 1979 жылы туылған азаматша күдікті ретінде ұсталды. Алаяқтық дерегі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 177-бабының, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 1968 жылы туылған жұмыссыз азамат қала тұрғынына құны 148000 теңге тұратын «Iphone» маркалы ұялы телефон сатып алғызып, алдап кеткені жөнінде арызданған болатын. Аталған арыз бойынша полиция қызметкерлерімен 1989 жылы туылған азаматша ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Дәл осындай алаяқтық қылмысы қала орталығында орналасқан ірі сауда үйінің бірінде орын алған. 24 желтоқсанда 1989 жылы туылған Шиелі ауданының тұрғыны сауда үйінің қызметкері ұялы телефонның ІМЕІ-кодын дұрыс жазбай, ауыстырып орнына басқа телефон беріп жібергендігі жөнінде полиция бөліміне арызданған болатын. Аталған арыз бойынша сауда үйінде қызмет жасайтын 1992 жылы туылған азамат ұсталып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс. Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подьезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады», - деген болатын. Елбасының осы тапсырмасынан туындайтын «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде жыл басынан бері тиісті жұмыстар атқарылып, бейнебақылау камераларының көмегімен ұсақ бұзақылықтар мен құқық бұзушылықтар анықталып, жолын кесу бағытында шаралар жүргізілуде. Мәселен, бейнебақылау камераларының көмегімен бір тәулік ішінде 160 құқық бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзған 130 дерек, ӘҚБтК-ның 330-бабы бойынша қоғамдық орындарды ластағандығы жөнінде 10 дерек, ҚР ӘҚБтК 336-бабы бойынша спирттік ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендігі жөнінде 18 дерек және де ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 2 дерек анықталып, тиісті әкімшілік шаралар көрілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі