ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ

Жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту жайлы аудан әкімі Мұқтар Оразбаев БАҚ өкілдері сауалдарына жауап бергенде айтты.
Оның айтуынша, ауданда жыл басынан бері 9 мәрте бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 908 жаңа жұмыс орындары ашылған. 413 адамға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бағыттары жөнінде кеңестер беріліпті.
2018 жылдың тамыз айында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5 пайызды құрайды.