АРАЛ: ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Нақты кезеңде Арал ауданы орталығындағы 8 әлеуметтік нысан, 156 кәсіпкерлік және әкімшілік нысандар, сондай-ақ жеке сектордағы 5102 (76,8 пайыз) тұрғын үй көгілдір отынға қосылған.
Биылғы жылы Арал қаласындағы №262 және №83 мектептердің бу қазандықтары қайта жаңғыртылып, газ отынына көшіріледі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында 8 айдың қорытындысы бойынша өткен брифингте Арал ауданының әкімі Мұқтар Оразбаев мәлімдеді.
Аудан әкімінің айтуынша, осы жылдың қазан айының 10-на дейін тағы 2 әлеуметтік нысан газ отынына қосылатын болады. Осыдан бөлек 4 әлеуметтік нысанды (№220 мектеп, №62 мектеп, аудандық мәдениет үйі, «Арал қаласындағы Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ғимараты) көгілдір отынға қосу үшін мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында жұмыстар жүргізілуде.