ТАЗА АУЫЗ СУ – ӘР ҮЙГЕ
Сексеуіл кенті тұрғындары үшін ауыз су мәселесі шешілетін күн де алыс емес. Бұл туралы Арала ауданының әкімі Мұқтар Оразбаев брифингте мәлім етті.
Аудан әкмінің айтуынша, нақты кезеңде Конту, Шижаға және Аманөткел елді мекендерін сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары аяқталған. Еске сала кетейік, бұл жұмыстарөткен жылы басталған болатын.
Келесі кезекте Сексеуіл кенті тұр. Алдағы уақытта мұндағы тұрғын үйлер ауыз су жүйесіне қосылып, Арал қаласының №2 және №4 шағын аудандарына ауыз су құбырлары жүргізілетін болады.
Бұған қоса, Ақбасты және Тоқабай-Абай елді мекендерінің ауыз су жүйесі құрылысының жоба-сметалық құжаттары, сондай-ақ Шөміш елді мекенінің ішкі су желісін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Ақшатау елді мекеніне 20 орындық балабақша мен 50 орындық мектептің жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, жоба сараптамадан өткізілуде.