АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ – БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР
Облыстық ішкі саясат басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Ж.Базартай Арал, Қазалы аудандарында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.
Онда Арал, Қазалы аудандарында үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен жалпы жиналыста Астана қаласында өтетін VIII Азаматтық форумына ұсынылған кандидаттарды бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Кездесу соңында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тарапынан азаматтық сектордың қызметін жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.