ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ САЛДАРЫНАН 6 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН
2014 жылдың 25 желтоқсанында Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында «Пиротехникалық бұйымдардың қауіптілігі жөнінде» Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Р.Қайрақбаевтың, Облыстық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Лицензиялау және рұқсат беру саласының аға инспекторы полиция капитаны Н.Ахметовтің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Р.Қайрақбаев өз сөзінде: «Жаңа жылдық мереке жақындаған сайын пиротехникалық бұйымдар көбейе түсуде. Бұл күндері сату орындарында әр түрлі от шашулардан, бенгаль оттарынан көз тұнады. Бірақ кейбір көзқызығарлық ойыншықтардың салдарынан қоршаған ортаға зиянды әсер етіп, қайғылы жағдайлардың орын алып жататыны да белгілі.
Мұндай заттарды қолдану кезінде тиісті нұсқаулықтарымен танысып, қауіпсіздік жағдайларды ескеруді естен шығармау керек.
Жаңа жылдардағы өрт оқиғаларын сараптасақ, 2011 жылы 381 өрт шығып, онда 13 адам қаза тапқан. 2012 жылы 567 өрттен 15 адам қаза болса, 2013 жылы 462 өрт шығып, 9 адам қаза тапқан, 2014 жылдың 11 айында 465 өрт оқиғасы орын алып, өрттен 8 адам қаза болған.
Қызылорда облысы бойынша 2009 жылдың 30 желтоқсаны мен 2010 жылдың 3 қаңтары аралығында 3 өрт, 2010 жылдың 30 желтоқсаны мен 2011 жылдың 3 қаңтары аралығында 11 өрт, 2011 жылдың 30 желтоқсаны мен 2012 жылдың 3 қаңтары аралығында 5 өрт, 2012 жылдың 30 желтоқсаны мен 2013 жылдың 3 қаңтары аралығында 6 өрт оқиғасы тіркелген.
Жаңа жылды қарсы алу меркесі күндерінде болған өрттердің басты себептері, ашық от пайдаланудағы аңғалдықтан және пиротехникалық заттарды қолданудан болып отырады. Сонымен қатар, жылда пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде 10-ға жуық адам түрлі күйік жарақатымен ауруханаға түсуде.»
Оған қоса баспасөз-мәслихатында Әкімшілік полиция басқармасы Лицензиялау және рұқсат беру саласының аға инспекторы полиция капитаны Н.Ахметов өз тарапынан Ішкі істер деапратаменті және Төтенше жағдлайлар департаментінің бірігіп атқарып отырған рейдтері жөнінде айтты.
Баспасөз-мәслихатында облыс тұрғындарына өрт пен төтенше жағдайдың алдын алу мен оны болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын ұдайы сақтау қажеттілігі туралы, әсіресе мереке күндері балаларды үйде қараусыз қалдырмау жөнінде баса айтты.
Сонымен бірге, журналистер тарапынан қойылған нақты сұрақтарға мамандар тарапынан дәйекті жауаптары берілді. Аталмыш іс-шара жергілікті телеарналар арқылы көпшілікке жарияланды.