АУДАННЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР
Ауылшаруашылығының жалпы өнімі 3586,8 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 2301,2 тонна ет, 5424,8 тонна сүт, 67,4 мың дана жұмыртқа дайындалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сүт 2,1 пайызға, ет 3,6 пайызға, жұмыртқа 2,3 пайызға өскен. Мал басы бойынша – мүйізді ірі қара – 103,9%, жылқы – 107,0%, түйе – 108,2%, құс – 2,5 есе артты.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Арал ауданының әкімі Мұқтар Оразбаев мәлімдеді.
Ал қысқы мал азығы шөп қорының қажеттілігі 80 пайызға (95,2 тонна) орындалып отыр.