«ЗАҢСЫЗ КЕЛУШІ-2018» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Аталған іс-шараға ОІІД-нің облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Тексеру нәтиждесінде көші-қон заңнамаларын бұзған 814 шетелдік анықталды.
Өзбекстан Республикасының 125 азаматына уақытша болу мерзімдері қысқартылып, 83 азамат республика аумағынан аластатылды.
Бұған қоса, жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азамат ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі